Русский / Қазақша
ДОМАШКА Ұзартылған күн орталығы · Алматы WhatsApp арқылы жазу

1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА

Үй тапсырмасы
бітті. Кеш сіздердікі.

Балаңызды мектептен алып кетеміз, үй тапсырмасына көмектесеміз, ыстық түскі ас береміз. Кешті отбасыңызбен өткізіңіз.

Орталықпен танысуға жазылу

Балаңызбен бірге келіңіз. Танысайық!

15 балаға дейінбір сынып деңгейіндегі топта 8:00–18:00орталықтың жұмыс уақыты
Сабақтан кейін —
өз үйіндегідей.
Көзілдірікті сары мысық кітаптардың үстінде отыр
Оқимыз. Демаламыз. Өсеміз.
Түрксіб ауданы Мектептен алып кетеміз Күн сайын қамқорлық

СІЗ ЖҰМЫСТА БОЛҒАНДА

Балаға керектінің бәрі бір жерде.

Мұнда бала сабақ оқиды, түскі ас ішеді, достарымен араласып, демалады. Жанында әрдайым көмектесетін ересектер бар.

01

Педагогпен бірге сабақ оқу

Бастауыш сынып педагогі тапсырманы баламен бірге талдап, орындаған жұмысын тексереді.

02

Жолда да баланың жанындамыз

Алматының № 49, 59, 61, 71, 74, 76, 83 және 106 мектептерінен балаларды алып кетеміз. Шағын автобуста балалармен бірге арнайы еріп жүретін ересек адам болады.

03

Түскі ас және демалыс

Ыстық түскі ас, жайлы демалыс бұрышы және Баум тоғайында серуендеу. Сабақтан кейін тынығуға да уақыт бар.

04

Қазақ және орыс топтары

Балаңыз қай тілде оқитынын жазыңыз. Сол тілдегі топта бос орын бар-жоғын айтамыз.

КӨҢІЛІҢІЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН

Балаңыз қамқорлықта.
Сізбен байланыстамыз.

Балаларды сыныбына қарай шағын топтарға бөлеміз. Осылайша педагог әр балаға көңіл бөле алады.

  • Күн сайын хабар береміз Балаңыздың күні қалай өткенін WhatsApp арқылы айтып отырамыз.
  • Баланы тек сенім білдірген адамға тапсырамыз Сіз жазбаша көрсеткен тізімге сүйеніп, алып кететін адамның құжатын тексереміз.
  • Орталықта бейнебақылау бар Камералар сыныптар мен кіреберісте орнатылған.

«ДОМАШКАҒА» ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Сабаққа да,
ойынға да орын бар.

Сыныпта бала тапсырмасына зейін қояды, ал сабақтан кейін жайлы бұрышта тынығады.

Орталықтың альбомы · 3 фото және 3 бейне
Шығармашылық сабақ: түрлі түсті қағаз бен ермексаздан бұйым жасаймыз
ФОТО · 01Шығармашылық сабақ: түрлі түсті қағаз бен ермексаздан бұйым жасаймыз
БЕЙНЕ · 02Педагог орталық туралы әңгімелейді
Балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын безендіріп жатыр
ФОТО · 03Балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын безендіріп жатыр
БЕЙНЕ · 04Орталықта бір күн қалай өтеді?
Шағын топтарға арналған сынып
ФОТО · 05Шағын топтарға арналған сынып
БЕЙНЕ · 06Күн тәртібі бейнеде

АЙЛЫҚ ТӨЛЕМ

Алматыда ұзартылған күн тобы қанша тұрады?

Екі ауысымның да оқушыларын қабылдаймыз. Уақыт пен бағытты балаңыздың мектебіне қарай келісеміз.

Шағын автобустағы мысық
ТҮСКІ АСЫ БАР ТОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
95 000 ₸

айына

  • Үй тапсырмасын педагогпен бірге орындау
  • Сыныбына қарай бөлінген топта 15 балаға дейін
  • Мектеп пен орталық арасында тасымалдау*
  • Ыстық түскі ас пен тіскебасар
  • Аптасына екі рет ағылшын тілі
  • Серуен, демалыс және ата-анамен байланыс
Бос орын туралы сұрау ↗

*Балаңыздың мектебі бойынша бағытты алдын ала нақтылаймыз.

БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН БАҒАЛАР

Өзіңізге ыңғайлы кестені таңдаңыз

ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН / 01

Толық бағдарлама

95 000 ₸айына

Педагогпен сабақ, түскі ас пен тіскебасар. Келісілген бағыт бойынша тасымалдау кіреді.

WhatsApp арқылы сұрау ↗
ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН / 02

Күніне 3 сағат

50 000 ₸айына

Қысқартылған бағдарлама. Тамақ пен тасымалдау кірмейді.

WhatsApp арқылы сұрау ↗
ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН / 03

Аптасына 3 күн

75 000 ₸айына

Тамақ пен тасымалдау кіреді. Келетін күндерді алдын ала келісеміз.

WhatsApp арқылы сұрау ↗
ТІЛ КУРСТАРЫ / 04

Тіл курсы

30 000 ₸айына

Ағылшын, қазақ немесе қытай тілінің бірін таңдаңыз. Сабақ аптасына екі рет өтеді.

WhatsApp арқылы сұрау ↗

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Ата-аналар
сұрайды

Қай бағдарламаға тамақ пен мектепке тасымалдау кіреді?

Тамақ пен тасымалдау айына 95 000 ₸ тұратын толық бағдарламаға және айына 75 000 ₸ тұратын аптасына үш күндік бағдарламаға кіреді. Күніне үш сағаттық бағдарламаға (айына 50 000 ₸) кірмейді.

1–4 сынып оқушыларына арналған тегін диагностика қалай өтеді?

Педагог математика, орыс тілі және логика бойынша тапсырмалар береді. Бірінші сыныпта кездесу 15–20 минутқа, екінші сыныпта 30–35 минутқа, үшінші және төртінші сыныптарда шамамен 40 минутқа созылады. Нәтижесін кездесуден кейін бірден аласыз. Жазылу үшін WhatsApp арқылы балаңыздың сыныбын көрсетіңіз.

Орталық қай уақытта жұмыс істейді?

Орталық 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Екі ауысымның да оқушыларын қабылдаймыз. Келетін уақытты мектеп пен сабақ кестесіне қарай жеке келісеміз.

Екінші ауысымдағы баламды таңертең орталыққа әкеліп, кешке сол жерден алып кете аламын ба?

Иә. Таңертең балаңызды орталыққа әкелесіз, біз оны мектебіне апарамыз. Алдын ала келіссек, сабақтан кейін мектептен қайтадан орталыққа алып келеміз. Кешке балаңызды бізден алып кетесіз.

Қай мектептерден алып кетесіздер?

Қазір Алматының № 49, 59, 61, 71, 74, 76, 83 және 106 мектептерінен балаларды алып кетеміз. Уақытты келісу үшін балаңыздың сыныбы мен ауысымын жазыңыз.

Орталықты көруге баламмен бірге келсем бола ма?

Әрине! Кездесуге жазылыңыз: орталықты көрсетеміз, педагогтермен таныстырып, сұрақтарыңызға жауап береміз. Сынақ күні туралы WhatsApp арқылы сұрай аласыз.

Қосымша сабақтар бар ма?

Ағылшын, қазақ және қытай тілдерін ұзартылған күн тобына қатыспай-ақ оқуға болады. Таңдалған тіл бойынша сабақ аптасына екі рет өтеді. Бағасы — айына 30 000 ₸.

ТАНЫСАЙЫҚ

Келіңіздер.
Бізде үйдегідей жайлы.

Балаңыздың қай жерде оқып, демалатынын өз көзіңізбен көріңіз.
Ыңғайлы уақытты WhatsApp арқылы келісеміз.

Кездесу уақытын таңдау ↗
БІЗ АЛМАТЫДАМЫЗ

Сейфуллин даңғылы, 182

Nur бизнес орталығы, 2-қабат
Түрксіб ауданы

2GIS арқылы бағытты ашу ↗
+7 708 058 58 46

8:00–18:00 · мектеп кестесіне қарай

WhatsApp арқылы жазылу ↗